Жыл басынан бері Қырғызстанда ЖІӨ өсімі 7%-ды құрады

705

Биылғы қаңтар-қараша айларында Қырғызстанның ЖІӨ 9,1 млрд доллардан асты. 

Жыл басынан бері Қырғызстанда ЖІӨ өсімі 7%-ды құрады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Қырғызстан Ұлттық Статистика комитеті мәліметіне сәйкес, Қырғызстанның ЖІӨ осы жылдың қаңтар-қараша айларында алдын ала бағалау бойынша 781 млрд сомды (9,1 млрд доллар) құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, көрсеткіш 2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 7 пайызға артқан.

"Құмтор" кен орнын игеру жөніндегі кәсіпорындарды есепке алмағанда, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ көлемі 726 млрд сомнан (8,5 млрд доллар) асты, яғни 4,8 пайызға өсті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу