Үйге барып қызмет көрсету арқылы 9 мыңнан астам азамат қамтылды

336

Жыл басынан бері мамандар 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барған.    

Үйге барып қызмет көрсету арқылы 9 мыңнан астам азамат қамтылды Фото: ЖИ

Жыл басынан бері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандары денсаулығына байланысты ХҚКО-ға өздігінен бара алмайтын азаматтарға үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандар жалпы 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барған. Ең көп сұранысқа ие қызметтердің қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.

Үйге барып қызмет көрсетуге I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және денсаулығына байланысты жүріп-тұруы шектелген тұрғындар құқылы.

Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорацияның сайтындағы "Қызметтер" бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Қызмет нәтижесі дайын болғаннан кейін азаматтың мекенжайына тегін жеткізіледі.

Сонымен қатар барлық фронт-офистерде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған жағдай жасалған. ХҚКО-лар пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, тактильді тақталармен және арнайы арбалармен жабдықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу