Мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 402 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

600

Осы жылғы қаңтар-қараша аралығында ел азаматтарына мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түріне 402 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

 Мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 402 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді Фото: nur.kz

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 9,3 млрд теңге бөлінген.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар – 527,7 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатындар – 184,3 мың.

"Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 062 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 50 368 теңгені құрады", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу