Жыл басынан бері мыңнан аса отандық автокөлік шетелге экспортталды

875

Жыл басынан бері мыңнан аса отандық автокөлік шетелге экспортталды

Жыл басынан бері отандық 1187 автокөлік шетелге экспортталды. Бұл туралы Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы ("ҚазАвтоӨндіріс") хабарлады.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларын қорытындылаған одақтың мәліметінше, сегіз айда 91,5 млрд теңгеге 11811 автокөлік өндірілген. Бұл қатарда жеңіл және жүк көліктерден бөлек, автобус, арнайы машиналар мен тіркемелер бар.

Ел зауыттарында шығарылатын автокөлік көлемі былтырғы көрсеткіштен 3,2 есеге артқан. Жеңіл автокөлік өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 есеге ұлғайған. Сегіз айда елімізде 10355 жеңіл көлік құрастырылды.

Автобус техникасын өндіруде де серпіліс бар. Қаңтар-тамыз айларында 431 автобус құрастырылыпты. Осылайша биыл отандық автоөндірушілер былтырғы көрсеткішті 5 есеге ұлғайтты.

Арнайы автотехникаларды өндіру 4,4 есеге өсті. Сегіз айда барлығы 140 техника шығарылған. Өкінішке қарай жүк көліктерін өндіру 25%-ға қықсарыпты.

Тамыз айында қазақстандық кәсіпорындар 1893 арнайы техника құрастырған. Бұл өткен жылдың тамызындағы көрсеткіштен 2,8 есеге артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу