Жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

869

Ғарыш суреттері төтенше жағдайларды анықтауға да көмектеседі.

Жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғарыштық мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірінші жартыжылдықта стихиялық қоқыс үйілген 1114 орынды анықтады.

Ғарыш мониторингі мемлекеттік органдардың талдау жасауына және өз саласы бойынша  міндеттерін шешуіне мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың нәтижесінде жыл басталғалы 12 геосервис жұмысы өзекті етілді, 3,5 мың бірлік немесе 1,5 млн шаршы шақырым тұнықтығы жоғары ғарыш түсірілімдері ұсынылды. Сондай-ақ, орташа ажыратымдылықтағы суреттер бар, олардың саны 75 бірлік немесе 440 мың шаршы шақырымнан асады.

Мысалы, ғарыштық мониторинг арқылы бүгінде жалпы ауданы 350 мың шаршы км-ден астам ауыл шаруашылығы алқаптарының пішіні өзектендірілді, шамамен 19 млн гектар дәнді дақылға арналған егістік алаңы анықталды. Сондай-ақ, орман ағашын кесудің 1104 полигоны қаншалықты заңға сай жұмыс істеп жатқаны талданды. Ғарыш суреттері төтенше жағдайларды анықтауға да көмектеседі: 87 мыңнан астам термальді нүкте белгілі болды және 1073 өрт оқиғасы тіркелді, өртенген аумақтың ауданы 650 мың гектардан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу