Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті

149

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті Фото: baq.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.

Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды. 

Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу