Жыл басынан бері өндірісте 59 адам қаза тапты

270

Биыл дәл осы уақытта 45 адам жазатайым болды, яғни көрсеткіш шамамен 14%-ға артқан. 

Жыл басынан бері өндірісте 59 адам қаза тапты Фото: Shutterstock.com

Ал жұмыс барысында жарақат алу жағдайлары 30%-ға көбейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Былтырғы жылмен салыстырғанда бізде жұмыс барысында жарақат алу жағдайлары 30%-ға көбейді. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өндірісте 59 адам қайтыс болса, былтыр бұл көрсеткіш 45-ті құрады. Егер биыл 496 адам жарақат алды десек, былтыр дәл осы мерзімде 426 адам түрлі жарақатпен анықталған", - деді ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Жалпы алғанда статистиканың теріс бағытта өсімін, әсіресе, құрылыс (барлық жазатайым оқиғалардың 13%-ы тиесілі) және тау-кен  (барлық жазатайым оқиғалардың 17%-ы) саласында жағдай жақсармай келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу