Жыл басынан бері Павлодар облысына 235 млрд теңге инвестиция тартылды

604

Өңірдің барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші оң динамикаға ие.

Жыл басынан бері Павлодар облысына 235 млрд теңге инвестиция тартылды Фото: 7kun.kz

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Оның сөзінше, бүгінде Павлодар облысы электр энергиясы мен көмір өндіру, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу және машина жасау көлемін сенімді түрде арттырып келеді.

Жыл басынан бері өңір экономикасына 235 млрд теңге инвестиция тартылған. 

"Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Оның ішінде 84 пайызы – жеке инвестициялардың қаражаты. Жалпы көлемі 2 трлн теңгеден астам ауқымды 113 инвестициялық жоба іске алынды. Нәтижесінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы көзделген", - деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу