Жыл басынан бері Павлодар облысында 478 саяжай жанып кетті

673

Бір адам қайтыс болды.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 478 саяжай жанып кетті

Павлодар облысында өртке қарсы кезең басталғалы тілсіз жауға тосқауыл болмай тұр. Көп жағдайда тұрғындар қу шөпті өртеп, қауіпсіздік талаптарын сақтамайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденов өрт барлығы 180 гектар аумақты шарпығанын атап өтті.

"Аймақтағы саяжай аумақтарында 478 үй мен шаруашылық нысандары отқа оранды. Оның 177-сі – қолданыста болған, иелері бар нысандар", - деді Қайрат Шаймарденов.

Өкінішке қарай, саяжайдағы өрт бір адамның өмірін де жалмады. Кеше түнгі сағат үште өрт сөндірушілер "Надежда" саяжайынан 74 жасар ер адамның денесін тапты. Сондай-ақ, газ редукторы бұзылған 27 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды.

Айта кетейік, күні кеше "Надежда" және "Восточный" саяжайында ірі өрт орын алған еді. Барлығы 60 гектардан астам аумақ қызыл жалынға оранып, 327 саяжай жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 12 техника, өрт сөндіру пойызы мен  61 қызметкер жұмылдырылды.

Жалпы, бүгінгі таңда өңірде өртке қарсы  42 мобильді топ жұмыс істейді.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу