Жыл басынан бері ресейлік миллиардерлер капиталы едәуір өсті

847

Bloomberg Billionaires Index (BMI) рейтингінің деректері негізінде 2023 жылдың басынан бастап ресейлік миллиардерлердің жиынтық байлығы 16,35 миллиард долларға өскені белгілі болды. 

Жыл басынан бері ресейлік миллиардерлер капиталы едәуір өсті Фото: Секрет фирмы

Бұл туралы inbusiness.kz "РИА Новости" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әсіресе "Лукойлдың" тең дәрежелі иесі Вагит Аликперов ерекше көзге түсті, оның  байлығы бірден 3,7 млрд-қа өсіп, 19,1 млрд долларға жетті.

Сарапшылар индексті ресейлік миллиардерлердің үлесі бар компаниялардың акцияларының құнына қарай есептеді. Барлығы рейтингке әлемдегі ең ауқатты деген 500 адам кірді, олардың 22-сі орыстар. Олардың жиынтық қаражаты 279,88 миллиард долларға бағаланды.

"Норникель" компаниясының негізгі иелерінің бірі Владимир Потанин 29 млрд доллар капиталымен ең бай ресейлік миллиардер атағынан айырылмады. Екінші орында - "Новатэк"-тің тең иесі Леонид Михельсон (27,7 млрд доллар). Үшінші орынға НЛМК бенефициары Владимир Лисин 21,6 миллиард доллармен тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу