Жыл басынан бері салымшылардың зейнетақы жинағы 18%-ға артқан

702

2020 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша салымшылардың шотына жинақталған қаржы 12,7 трлн теңгені құраған. Сөйтіп, биылғы 12 ай ішінде қордағы ақша 1,9 трлн теңгеге, яғни 18%-ға көбейген.

Жыл басынан бері салымшылардың зейнетақы жинағы 18%-ға артқан

Бұл туралы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, зейнетақы қорындағы ақшаның 12,4 трлн теңгесі – міндетті зейнетақы жарнасы, 309,6 млрд теңгесі – міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болса, 2,2 млрд теңге – ерікті зейнетақы жарнасынан түскен ақша. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелген. Бұл – 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге артық көрсеткіш.

Ал 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотының саны 11,6 млн бірлікке жетіп, жыл басынан бергі өсім 10%-ды құраған.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу