Жыл басынан бері саудағы салынған инвестиция 121 млрд теңгені құрады

232

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгені құрады.

Жыл басынан бері саудағы салынған инвестиция 121 млрд теңгені құрады Фото: depositphotos.com

Дәл осы уақытта саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сауда саласы 1,5 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтиды және салалар арасында бірінші орынға ие. ЖІӨ-дегі салым бойынша сауда саласы 2-ші орында. Салада бизнес субъектілерінің 36% жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков хабарлады. 

"Осы жылдың 5 айында сауданың НКИ 103,1% құрады. Номиналда осы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңдегі деңгейінен 1,5 млн теңге асып түсті. Сонымен қатар, екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтеміз", - деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу