Жыл басынан бері Шанхайда трансұлттық компаниялардың 49 аймақтық штаб-пәтері ашылған

393

Бұдан бөлек мегаполисте 20 жаңа ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығы да пайда болған. 

Жыл басынан бері Шанхайда трансұлттық компаниялардың 49 аймақтық штаб-пәтері ашылған Фото: Синьхуа

Шанхай мэрі Гун Чжэн 2023 жылдың басынан бастап Шанхай экономикасы қалпына келіп жатқанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Гун Чжэннің сөзінше, шаһар экономикасы жақсаруының тұрақты үрдісі сақталып отыр.

Шанхай қаласында трансұлттық корпорациялардың 940 аймақтық штаб-пәтері, шетелдік капиталдың қатысуымен 551 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығы бар.

Мұндай мәліметтер деректер биыл Шанхай мэрі жанындағы Халықаралық кәсіпкерлер консультативтік кеңесінің баспасөз мәслихатында жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу