Жыл басынан бері шекаралық аймақта 4,2 мың құқық бұзушы ұсталды - ҚР ҰҚК Шекара қызметі

887

Шекара қызметі жұмысының нәтижелері жарияланды. 

 Жыл басынан бері шекаралық аймақта 4,2 мың құқық бұзушы ұсталды - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Фото: Толқын

2023 жылдың басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтары жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды. 1,9 млрд теңгеге жуық сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу