Ағымдағы жылдың өткен сегіз айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысына 305 оралман отбасы, жалпы саны 595 адам қоныс аударды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Оның ішінде Қытай халық республикасынан 260 отбасы (513 адам); Монғолиядан 30 отбасы (60 адам); Өзбекстаннан 5 отбасы (7 адам); Ауғанстаннан — 6 отбасы (11 адам); Ресей Федерациясынан — 4 отбасы (4 адам) көшіп келген. Көшіп келген 595 адамның ішінде еңбекке қабілетті жастағысы – 370, еңбекке қабілетті жасқа дейінгілері – 222, зейнеткерлер – 3 адам.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Садыровтың берген мәліметі бойынша биыл облыс аумағына көшіп келген оралмандардың 65 отбасы немесе 99 адам Өскемен қаласына, 27 отбасы немесе 46 адам Семей қаласына қоныстанған.
Тарбағатай ауданына 18 отбасы - 45 адам, Зайсан ауданына 41 отбасы - 79 адам, Күршім ауданы 22 отбасы - 44 адам, Үржар ауданына 63 отбасы - 139 адам, Ұлан ауданына 32 отбасы - 67 адам, Жарма ауданына 9 отбасы - 17 адам, Зырян ауданына 1 отбасы - 2 адам, Катон-Қарағай ауданына 4 отбасы - 5 адам, Көкпекті ауданына 5 отбасы - 12 адам, Бесқарағай ауданына 6 отбасы - 21 адам, Бородулиха ауданына 3 отбасы - 6 адам, Курчатов қаласына 2 отбасы - 2 адам, Шемонаиха ауданына 3 отбасы — 6 адам көшіп келіп, қоныстанған.