Жыл басынан бері шоколад өндірісі 26%-ға төмендеді

1677

Соған қарамастан кондитерлік өнімдердің бағасы 8% қымбаттады.

Жыл басынан бері шоколад өндірісі 26%-ға төмендеді

2021 жылдың қаңтарында елімізде 5,5 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнімдер шығарылды. Бұл өткен жылдың қаңтарынан 26,4% төмен, деп хабарлады inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша өнімдердің 94,1%-ын үш аймақ шығарған. Олар: Алматы (3 мың тонна, көрсеткіш 24,4% төмендеген), Алматы облысы (1,1 мың тонна, көрсеткіш 0,5% төмендеген) және Қостанай облысы (1,1 мың тонна, көрсеткіш 47% төмендеген).

Жалпы 2020 жылы еліміздегі компаниялар 100,5 мың тонна қанттан жасалған шоколад пен кондитерлік өнімдер шығарды.  Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,9% жоғары. Өндірушілер ішкі нарық сұранысы мен экспортты 49,4%-ға қанағаттандырды. 

Ал импорттың үлесі 50,6%. Яғни, жартысынан көп. Елімізге сырттан 103,1 мың тонна кондитерлік өнімдер әкелінді. Осылайша импорт 1,2% төмендеп, экспорт 7,4%-ға артты. Нәтижесінже 39,7 мың тонна өнім шетелге саудаланды.
Ал ішкі нарықта 163,9 мың тонна шоколод сатылған. Еліміздің әр азаматына жылына 8,7 келі кондитерлік өнімнен келеді немесе айына 724 граммнан. 

Сонымен қатар қаңтар айында кондитерлік өнімдердің бағасы бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,8% қымбаттаған. Оның ішінде шоколад кәмпиттер 8,2%, шоколад 8,1%.

Елімізде кәмпиттер мен тәттілер ең қымбат өңір Ақтау (1,4 мың теңге), ең арзан өңір Ақтөбе (1,1 мың теңге).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу