Жыл басынан бері Шымкентте 6 адам пойыз астына түскен

2483

Шымкент қаласында 6 азамат шойын жолда пойыздың астына түсіп, 4 адам көз жұмған.

Жыл басынан бері Шымкентте 6 адам пойыз астына түскен

Бұл жөнінде Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді.

Ал, Шымкент қаласы ТЖД бастығы Нұрболат Дербісовтың айтуынша, қаза болғандардың бірі ата-анасының қарауынсыз қалған 2 жасар бала болса, енді бірі спирттік ішімдікке тойып алған азамат. Ал, үшіншісі жүйке ауытқуы кеселіне шалдыққан жан екен. Төртіншісі болса, құлағына "наушник" киіп ән тыңдап келе жатқан мектеп оқушысы болып шығыпты.

 Қазірде төтеншеліктердің ұсынысымен темір жолға жауапты мекемелер қауіпсіздік мақсатында шойын жолдарды қоршау жұмыстарын жүргізуде. Соған қарамастан, ашық қалған учаскелерде қайғылы жағдайлар тіркеліп жатыр.

Мұнан бөлек, 2018-2019 жылдар аралығында 6 газдан улану жағдайы тіркеліпті. Салдарынан 8 адам бұл өмірмен қоштасып, 1 адам жарақат алған. Өкінішке орай, алдыңғы жылмен салыстырғанда газдан уланып көз жұмғандардың саны артқан.

Төтеншеліктер азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады. Тіпті, арнайы кітапшалар мен ескертпелер шығарып қала тұрғындарына таратып жатқан көрінеді. Насихат жұмыстарына қазынадан 17 миллион жұмсалады екен. Соған қарамастан, төтенше жағдайдан көз жұматын шымкенттіктердің саны азаймай тұр.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу