Жыл басынан бері теңгенің долларға қатысты бағамы 2,0%-ға нығайды

559

Ұлттық валютаның нығаюы бірнеше факторға байланысты болды. 

Жыл басынан бері теңгенің долларға қатысты бағамы 2,0%-ға нығайды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.

"Жыл басынан бастап сәуір айының соңына дейін теңгенің долларға қатысты бағамы 1 доллар үшін 453,21 теңгеге дейін 2,0%-ға нығайды. Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Жыл басынан бері ұлттық валютаның нығаюы "салық кезеңі" факторына және шетелдік инвесторлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына кіруімен байланысты болды. Бейрезиденттерге тиесілі салымдардың көлемі жыл басынан бері 126 млрд теңгеге ұлғайды", - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қаңтар-сәуір айларында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 1,3 млрд доллар сомасына валюталық түсімді сатуы, Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,1 млрд доллар мөлшерінде трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату теңгеге қолдау көрсетті.  

"Жыл басынан бері ұлттық валютаның нығаюы бірнеше факторға байланысты болды. Біріншіден, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына шетелдік инвесторлардың ағыны байқалады. 28 сәуірдегі жағдай бойынша бейрезиденттердің салымдары көлемі жағынан жыл басынан бері 126 млрд теңгеге ұлғайды. Екіншіден, қаңтар-сәуір айларында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 1,3 млрд доллар сомасына валюталық түсімді сатуы, Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,1 млрд доллар мөлшерінде трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы теңгеге қолдау көрсетті", - деді Виталий Тутушкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу