Жыл басынан бері төтенше жағдай аумағынан 3,4 мың адам құтқарылды

764

Жыл басынан бері түрлі төтенше жағдайлар болған аумақтардан 3,4 мың адам құтқарылып, 4,3 мың қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері төтенше жағдай аумағынан 3,4 мың адам құтқарылды Фото: ТЖМ

"2023 жылдың үш айында болған табиғи "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне халықтан 1 587 843 қоңырау келіп түсті. Осыларға сай, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және Республикалық жедел-құтқару жасағы 3 454 (оның ішінде Түркияда - 7) адамды құтқарды, 4 338 адамды эвакуациялады, 44 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Төтенше жағдай орындарынан 303 (оның ішінде Түркияда – 88) адамның денесін шығарды. 12 514 қоңырау бойынша құтқарушылар оқиға орнына барды. Соның ішінде 2 493 - өрт, 3 893 - авариялық-құтқару жұмыстары, 4 531 - өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 71 - көрінеу жалған шақырту, 757 - расталмаған жану фактілері, 769 – басқа да оқиғалар", - делінген ведомтсовның ресми сайтында жарияланған есепте.

Ал, "Қазавиақұтқару" жасағының әуе кемелері іздеу-құтқару, өрт сөндіру және жеке құрамды жеткізу тапсырмалары бойынша 508 рет көкке көтерілген. Оның ішінде санитариялық авиация желісі негізінде 82 пациентті тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу