Жыл басынан бері ұлттық парктерге 2 миллионға жуық турист барды

161

Бұл көрсеткіш еліміздегі табиғи және экотуризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады.

Жыл басынан бері ұлттық парктерге 2 миллионға жуық турист барды Фото: inbusiness.kz

2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның ұлттық парктерін 2 миллионға жуық адам тамашалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мәлім етті.

\Келушілер саны бойынша көшбасшы – "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Ақмола облысындағы қарағайлы ормандарымен, әсем жартастары мен көлдерімен ерекшеленетін бұл аймаққа 600 мыңнан астам турист келген. "Қазақстандық Швейцария" атанған Бурабай – отбасылық демалыс пен белсенді туризмде сұранысқа ие бағыт. 

Екінші орында – Іле-Алатау ұлттық паркі. Алматыға жақын орналасқан бұл аумақты 507 541 турист аралаған. Таулы ландшафттарымен, бай флорасы мен фаунасымен танымал парк экологиялық туризм бойынша ең сұранысқа ие орындардың бірі саналады.

Үздік үштікті "Көлсай көлдері" ұлттық паркі түйіндейді. Алматы облысындағы бұл табиғи нысанға 350 мыңнан астам адам барған. Көлсай мен Қайыңды көлдері – парктің басты табиғи нышандары.

Сондай-ақ, туристер арасында Шарын шатқалы орналасқан ұлттық парк пен Баянауыл ұлттық паркі де кең танымал. Шарын фототуризм мен этноэкспедицияларға қызығушылар үшін тартымды болса, Павлодар облысындағы Баянауыл Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк ретінде жұмсақ климаты, таулы табиғаты және әсем көлдерімен ерекшеленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу