Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға арзандады – министрлік

224

Биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға арзандады – министрлік Фото: canva

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп жатыр.

Ведомство дерегінше, биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ.

Өткен аптада бірқатар азық-түлік өнімдеріне баға төмендеді. Атап айтқанда арзандаған мына тауарлар:
жұмыртқа 1,2%-ға;
пияз 0,8%-ға;
сәбіз 0,6%-ға;
рожки мен күріш 0,1%-ға.

Сонымен қатар жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендегені байқалды.

"Өңірлер арасында баға индексінің төмендеуі Түркістан облысында – 0,2%, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 0,1 тіркелді. Ал Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалды", – деп жазылған хабарламада.

Өңірлік комиссиялар анықтаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мақсатында белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу