Жыл басынан бері зейнетақы қорына 523 млрд теңгеден аса ақша аударылған

597

Жыл басынан бері қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) 523 млрд-тан аса теңге аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл басынан бері зейнетақы қорына 523 млрд теңгеден аса ақша аударылған

БЖЗҚ мәліметінше, биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы қорындағы шоттарда 13 трлн теңге зейнетақы жинағы қалыптасқан.

"Бір жылда (2021 жылғы 1 мамырдан 2022 жылғы 1 мамырға дейін)
бұл қаражат 356,9 млрд теңгеге немесе 2,8% өсті. Жинақтар өсімі жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдері түріндегі шығыс ағындарын, оның ішінде тұрғын үй мен емделуге арналған біржолғы төлемдерді ескере отырып есептелді", - деп жазылған хабарламада.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 12,6 трлн теңге (бір жылда өсім 2,4%) болды.

"Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 377,4 млрд теңге (өсім 18,2%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі – 1,8 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Биыл жарналар көбейген.

"2022 жылғы 4 айда салымшылардың шоттарына шамамен 523,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 27% немесе 110,7 млрд теңгеге артық. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша тіркелген. Жарналардың жалпы көлемінің 95,1% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер – 497,7 млрд теңге (бір жылда өсім 26%), МКЗЖ бойынша 25,4 млрд теңге (өсім 37%) түсті, ЕЗЖ бойынша 400 млн теңге (өсім 85%) аударылды", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ зейнетақы жинақтарының өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 

"Биыл қаңтар-мамыр аралығында бұл көрсеткіш 128,7 млрд теңге болды. 2022 жылғы 1 мамырға қарай БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 млн 870 мың 75 бірлік. Одан әрі МКЗЖ-нан қалыптасқан шоттар бір жылда 8,4% ұлғайып, 565 мың 802 бірлікке жетті, ал БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны 60% көбейіп, 69 мың 188 бірлік болды", - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 921,4 млрд теңге төледі.

"Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) – 831,7 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 37 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,4 млрд теңге, Қазақстан шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 16,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 9,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,8 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) – 29 мың 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем – 707 мың 326 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу