Жыл басынан бері зейнетақы қорынан бір трлн теңгеден астам қаражат берілді

695

Салымшылар негізінен тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге біржолғы қаражат алған (858,0 млрд теңге).

Жыл басынан бері зейнетақы қорынан бір трлн теңгеден астам қаражат берілді

Одан кейін жасына, мұрагерлікке, шетелге кетуіне, сақтандыру ұйымдарына, жерлеу рәсіміне және мүгедектік бойынша төлемдер алған, деп жазады inbusiness.kz.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылардың шоттары, тамыздағы жағдай бойынша, былтырғыдан 6,7%-ға өсті. Яғни 853,7 млрд теңге қосылып, жалпы қор 13,7 трлн теңгеге жетті

БЖЗҚ-ның ақпаратына қарағанда, биыл жарналар көбейген. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жыл басынан бергі алғашқы жеті айда былтырғы кезеңге қарағанда 29% немесе 211,6 млрд теңгеге көп. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу