Жыл басынан бері зейнеткерлерге 1,5 трлн теңге төленді

875

2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері -1 029,7 млрд теңге бағытталды.

Жыл басынан бері зейнеткерлерге 1,5 трлн теңге төленді

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың жаңа зейнеткер қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу