Бұл туралы елордада есеп берген өңір басшысы Бейбіт Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Облыс экономикасының өсу қарқыны 112,9 %-ды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 104 % деңгейінде болған. Оның ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есеге, тұрғын үйді пайдалануға беру – 23 %, сауда 1,6 есе өсті", – деді аймақ басшысы.
Бейбіт Исабаев өңірге тартылған инвестициялар көлеміне де тоқталды.
"Жыл басынан бері облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 240 млрд теңгені құраса, оның ішінде жеке инвестициялар – 143 млрд теңге", – деді өңір әкімі.
Бұл ретте мемлекеттік бюджетке түсімдер де өскен. Оның ішінде, жергілікті бюджетке түсімдер 25 %-ға өсіп, 60 млрд теңгені құрады. Ал республикалық қазынаға 180 млрд теңге салынды.