Жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жетті

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.  

Жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жетті Фото: Almaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасының орындалу барысына тоқталған ол бірқатар статистикалық деректі келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Премьер-министрдің орынбасары Президенттің 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөніндегі өршіл мақсатын сөз етті. Сондай-ақ, өткен жылда да нысаналы көрсеткішке қол жеткізгенін айтты. 

– Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның арасында инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3 пайызды құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті, – деп нақтылады Серік Жұманғарин. 

Негізгі драйверлер көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) саласында байқалады. Тау-кен өнеркәсібінде өсу жалғасып (+8,5%), өңдеу секторы да (+6,1%) жандана түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу