Жыл басынан ел бюджетіне 19 трлн теңге түсті

158

Республикалық бюджет 11,8 трлн теңгемен толықты.

Жыл басынан ел бюджетіне 19 трлн теңге түсті Фото: canva.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында қаржы жылының 11 айындағы қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 19 трлн теңге түсті немесе жоспар 90%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 11,8 трлн теңге түсті немесе жоспардың 82%-ы орындалды. Жоспардың орындалмауы салықтар бойынша түсімдердің азаюына байланысты болды, ол 76%-ға атқарылған. Жоспар орындалмауының негізгі себептері: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 айда үшінші елдерден импорт көлемінің 6,4%-ға немесе 2,3 млрд долларға азаюы; негізгі экспорттық металдарға бағаның төмендеуі. Өз кезегінде 602 ірі салық төлеуші бойынша аванстық төлемдер сомасы 27%-ға немесе 267 млрд теңгеге азайды", - деді Ержан Біржанов.

Вице-министрдің сөзінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 2,5 есе ұлғайып, 981 млрд теңге болды.

"Соған қарамастан салықтар бойынша атқарылмау салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен өтелді. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 108%-ға атқарылды және 7,2 трлн теңге болды. Жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 26,5%-ға өсті немесе 1,5 трлн теңгеге көп түсті", - деді Қаржы вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу