Жыл басынан ел экономикасы 4,9%-ға өсті

358

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 14,6% болды. 

Жыл басынан ел экономикасы 4,9%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

Қантар-қараша айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9% болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің дерегінше, нақты сектор – 3,5%-ға, ал қызмет көрсету саласы 5,6%-ға өскен.

"Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 14,6%-ды құрады. Инвестициялар ағыны ақпарат және байланыста – 2,8 есеге, көлік және қоймалауда – 58%, саудада – 34%, білім беруде – 17%, ауыл шаруашылығында – 11%, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 4,6%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Алдын ала қорытынды бойынша, биылғы 10 айда сыртқы сауданың тауар айналымы 2,6%-ға өсіп, 114 млрд доллардан асқан.

"Экспорт 65 млрд долларға, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 21 млрд долларға жуықтады. Тауарлар импорты 49 млрд-тан астам долларды құрады. Оң сауда балансы 15 млрд доллардан асты", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу