Жыл басынан елімізде 879,2 мың тонна сұйытылған газ сатылған

325

Бұл былтырғыға қарағанда 265,6 мың тонна артты. 

Жыл басынан елімізде 879,2 мың тонна сұйытылған газ сатылған Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі күрт артты, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

8 ай ішінде ішкі нарықта 879,2 мың тонна сұйытылған мұнай газы сатылған. Бұл былтырғыға қарағанда 43,3%-ға (265,6 мың тонна) артық. Бұл – 5 жыл ішінде қаңтар-тамыз аралығындағы ең жоғарғы мән.

"Әр жеке айдың қорытындысы бойынша биыл сұйытылған мұнай газын тұтыну тарихи жоғары деңгейде (79,2 мың тоннадан 216,5 мың тоннаға дейін) тұр. Тек маусым (23,3 мың тонна) айында ғана ерекшелік байқалды. Қаңтар-тамыз аралығындағы орташа айлық көрсеткіші – 109,9 мың тонна.  Бір жыл бұрын көрсеткіш 76,7 мың тоннаны құраған", - делінген хабарламада. 

DATA HUB жазуынша, сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемінің артуы экспорттың 15%-ға төмендеуі аясында болған. Осы тұста өндіріс 9,1%-ға өсіп, 1,64 млн тоннаға дейін жетті.

"Осы уақытқа дейін басқа елдерге елдегі сұйытылған мұнай газы көлемінің 60%-ға жуығы шығарылса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 46,4% болды", - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу