Жыл басынан елімізде жаппай тамақтан уланудың 10 жағдайы тіркелді

253

Салдарынан 215 адам ауырды, оның ішінде 103 бала бар.

Жыл басынан елімізде жаппай тамақтан уланудың 10 жағдайы тіркелді Фото: qazaq.today

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жазғы кезеңнің басталуымен жыл сайын халық арасында тамақтан уланудың өсімін байқаймыз. Биыл халық арасында тамақтан уланудың 10-ға жуық жағдайы тіркелді. Бұл негізінен қоғамдық тамақтану, білім беру және сауда нысандары. Жаппай тамақтан уланудың 10 жағдайы салдарынан 215 адам ауырды, оның ішінде 103 бала бар. Биыл біз балалар арасында астан улану жағдайының төмендегенін байқап отырмыз", - деді Зауре Ахметова.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасарының сөзінше, жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелген орындарда рұқсат құжаттары, яғни санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған. Сонымен қатар тиісті нысандарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану секілді деректер де кездеседі.

"Жаппай тамақтан уланудың барлық фактісі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мамандары тергеп-тексерулер жүргізеді және материалдар ішкі істер органдарына беріледі", - деп толықтырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу