Жыл басынан еліміздің автопаркі жаңа автобустармен толықты

419

Биыл автобус паркі бірқатар қала мен аймақта жаңартылды. 

Жыл басынан еліміздің автопаркі жаңа автобустармен толықты Фото: inbusiness.kz

Өнеркәсіпті дамыту қоры автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде еліміздің барлық өңірі бойынша 4333 жолаушылар автобусын сатып алу үшін қаржы бөлді. Оның ішінде, электр қуатымен жүретін – 130, газбен – 1737, дизель отынымен жүретін 2466 автобус, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа автобустар халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес шығарылған. Яғни, жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін барлық қажетті функциямен жабдықталған.

“Атап айтқанда, кондиционер, өрт сөндіргіштер, бейнебақылау камералары, бейнежазба жүйесі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған механикалық пандустар қарастырылған. Сондай-ақ, автобустар еліміздің климаттық жағдайына бейімделген. Мәселен, солтүстік өңірлерге арналған қоғамдық көлікте салондарда қосымша пештер мен салондағы ауаны тазартатын құрылғылар орнатылған. Келесі жылы еліміздің Көлік министрлігі Қормен бірлесіп автопаркті жаңа отандық автобустармен жаңарту және толықтыру бойынша жұмысты жалғастырады деп жоспарланып отыр”, - делінген ақпаратта.

Биыл автобус паркі бірқатар қала мен аймақта жаңартылды:

● Алматы қ. - 17 автобус;

● Астана қ. - 259 автобус;

● Шымкент қ. - 25 автобус;

● Қарағанды облысы - 44 автобус;

● Ақтөбе облысы - 109 автобус;

● Павлодар облысы - 241 автобус;

● Шығыс Қазақстан облысы - 44 автобус;

● Ақмола облысы - 3 автобус;

● Алматы облысы -36 автобус;

● Атырау облысы - 62 автобус;

● Жетісу облысы - 2 автобус;

● Батыс Қазақстан облысы - 29 автобус;

● Қостанай облысы - 57 автобус;

● Қызылорда облысы - 130 автобус;

● Маңғыстау облысы - 52 автобус;

● Солтүстік Қазақстан облысы - 33 автобус;

● Түркістан облысы - 89 автобус;

● Абай облысы - 3 автобус.

Айта кетейік, автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы ҚР өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында отандық өндірістің қоғамдық көлігін жеңілдікті шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу