Астанада күн сайын орта есеппен шамамен 80 нәресте дүниеге келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада ана мен бала қызметін тұрақтандыруға байланысты брифинг өтті. Күн тәртібінде ана өлімі және оның алдын алу мәселесі тұрды.
Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан елордада 25 мың сәби дүниеге келген. Күн сайын 80 сәби дүниеге келеді. Ал жыл сайын қалаға шамамен 40 мың адам көшіп келуде. Ішкі медициналық туризмге байланысты аймақтардан 65 мың адам келеді.
Жүргізілген талдауға сәйкес, Астанадағы әр бесінші емделуші аймақтардан келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу