Жыл басынан Қазақстанда 15 мың интернет алаяқтық тіркелді – депутат

366

Интернет алаяқтарға тосқауыл қойылғанымен, олардың айласы асып тұр.

Жыл басынан Қазақстанда 15 мың интернет алаяқтық тіркелді – депутат Фото: gov.kz

Бұл туралы депутат Данияр Қасқарауов ІІМ басшысына жолдаған депсауалында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мысалы, әртүрлі телеграмм чаттар арқылы қомақты ақша табыңыз деп, талай үйде отырған аналарды алдап жатыр. Ішкі істер министрлігімен қылмыстық істер қозғалады, бірақ алаяқтың өзін табу мүмкін емес болып отыр", - деді мәжілісмен.

Мәжіліс депутатының дерегінше, 9 айда елімізде 15 мың интернет алаяқтық тіркелді. Оның ішінде 3 мыңнан астамы ресми банктердің атын жамылып, азаматтарды алдаған.

"Өздерінің құрығына түсіретін алаяқтар азаматтардың жеке деректерін, телефон нөмірлерін қайдан алады? Оларға бұл деректерді кім береді? Қанша жерден адамдардың жеке деректерін заңмен қорғап, оның таралуын шектесек те алаяқтар тоқтайтын емес. Жеке деректердің құпиялылығы ешкімде құпия болмай тұр. Мәселен, жақында бір танысым жеке компаниясын ашып, құжаттарын электронды үкімет арқылы тіркетті. Бұл процесс ешкімнің қатысуынсыз, тек порталда жасалды. Дегенмен, оған үш бірдей банктен қоңырау түсіп, арнайы есептік шот ашыңыз деген ұсыныс түскен. Ал, келесі күні заңгерлік-бухгалтерлік қызмет көрсететін жеке компания өкілдері хабарласып, өз қызметтерін ұсынған. Ең сорақысы, енді жеке таксопарк өкілдері тынымсыз хабарласып көлік қызметін ұсынып отыр екен", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу