Жыл басынан қазақстандық әуе компаниялар 12,3 млн жолаушыны тасымалдады

275

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 10 млн жолаушы әуе кемесімен ұшқан.

Жыл басынан қазақстандық әуе компаниялар 12,3 млн жолаушыны тасымалдады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің мәліметінше, биылғы 11 айда отандық авиакомпаниялар 12 млн 300 мың жолаушыны тасымалдады. 

"Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жоғары. Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті 13 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25%-ға артып, 24 млн жолаушыны құрады. Айтарлықтай өсім Алматы және Астана әуежайларында байқалады, оларда биыл тиісінше рекордтық 9 млн және 7 млн жолаушыға қызмет көрсетілді", - деді Қарабаев.

Ведомство басшысы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

"Алдағы жылдың наурыз айында Шымкент, мамыр айында Қызылорда және маусым айында Алматы қалаларындағы жаңа әуежай жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Аталған жұмыстарға 150 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы қаласы әуежайының өткізу қабілеті 5 есе, Қызылорда әуежайы 6 есе және Шымкент 7 есе ұлғаятын болады", - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу