Жыл басынан бері мұнай өндірісі 8,3%-ға төмендеген

437

Қаңтар-қыркүйекте 69,4 млн тонна мұнай өндірілді.   

Жыл басынан бері мұнай өндірісі 8,3%-ға төмендеген Фото: satmedia.kz

Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,3 млн тоннаға немесе 8,3%-ға төмен. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тау-кен өнеркәсібінің нақты көлем индексі 95,7% болған. 

"Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 69,4 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,3 млн тоннаға немесе 8,3%-ға төмен. Газ өндірудің нақты көлем индексі 91,9% болды. Басқа пайдалы қазбаларды өндіру 12,7%-ға, көмір өндіру – 6,6%-ға, металл кендерін өндіру – 1,6%-ға ұлғайды", – деді Ұлттық экономика министрі.

Серік Жұманғарин құрылыс жоғары өсу қарқынын көрсеткенін атап өтті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5%-ға өскен. Өсім 17 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда, Атырау, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалды. 

"Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,7%-ға артық. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Маңғыстау, Павлодар және Жетісу облыстарында байқалды", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу