Жыл басынан өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 7,1 трлн теңгеге жеткен

204

Елдегі жиһаз өндірісі 29,8%-ға ұлғайып отыр.

 Жыл басынан өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 7,1 трлн теңгеге жеткен Фото: Pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сенатта өткен парламенттік тыңдауда өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жалпы алғанда өңдеу өнеркәсібі жыл сайын өсудің оң динамикасын көрсетіп келеді. Мәселен, осы жылдың 4 айында өндіріс көлемі 7,1 триллион теңгені құрады. Бұл жиһаз өндірісі – 29,8%-ға, металл бұйымдарын өндіру 25,8%-ға және машина жасау 22%-ға өсуі есебінен мүмкін болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне инвестициялардың көлік құралдарын өндіруде 7 есеге, киім өндіруде 5,6 есеге, жиһаз өндіруде 4 есеге, автомобильдер және тіркемелер өндірісінде 3,5 есеге ұлғаюға ықпал етті", - деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, былтырғы көрсеткіш бойынша өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорты 25,3 млрд долларға жеткен. 

Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаты ішкі өңдеуді ұлғайта отырып, дамудың шикізаттық моделінен бас тарту екенін айтты. 

"Бұл мақсатпен заңда (ред. – "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң) орта және жоғары қайта бөлу тауарлары үшін мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетудің басымдығы белгіленген. 2023 жылы 2021 жылмен салыстырғанда жоғары қайта бөлу өнімдерінің көлемі 58 пайызға өсті", - деп атап өтті Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу