Жыл басынан отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 95 млрд теңге жетті

191

Бұл былтырғыға қарағанда 14,5%-ға артық. 

Жыл басынан отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 95 млрд теңге жетті Фото: The Qazaq Times

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек импортын алмастыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде отандық фармацевтикалық өндіріс көлемі 95 млрд теңгені құрады. Былтырғыға қарағанда өсім көрсеткіші 14,5%-ға артты. Бүгінде 4 мыңға жуық фармацевтикалық өнімдерді жеткізу бойынша 35 отандық өндірушілермен 94 ұзақ мерзімді шарттар жасалды. Жыл соңына дейін өзге 24 отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттардың жасалуы арқылы 1 412 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткізілуі  қарастырылуда", - деді министр.

Сөзінше, алдағы 3 жылдың ішінде жасасқан ұзақ мерзімді шарттарда  белгіленген көлемдерге кезең-кезеңімен шығу жоспарланып отыр.

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басым түрде қолайлы жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде, биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 29,5 млрд теңге сомасына 196 дәрілік заттардың түрлері жеткізілді", - деді Ақмарал Әлназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу