Жыл басынан темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 3%-ға артты

490

Қазақстанның транзиттік әлеуетті дамытуға үлкен мүмкіндігі бар.

Жыл басынан темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 3%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев теміржол саласының даму барысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Биылғы 10 айда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 200 млн 46 мың тоннаны құрап, 3%-ға өсті. Жыл соңына дейін шамамен 300 млн тонна жүк тасымалданатын болады. Бүгінде теміржол көлігі экономиканың экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны құрап 8,5%-ға өсті", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, транзиттік тасымалдар да белсенді қарқынмен дамып отыр. Мәселен, 10 айдың қорытындысы бойынша транзиттік жүк тасымалдау көлемі 19%-ға өсіп, 22 млн 500 мың тонна болған.
 
"Контейнерлік тасымалдар 15%-ға ұлғайды. Жолаушыларды тасымалдау көлемі 2,5%-ға артып, 16 млн 600 мың жолаушыны құрады", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу