Жыл басынан теміржол арқылы 131 млн тонна жүк тасымалданды

484

Былтырғыға қарағанда өсім бар.  

Жыл басынан теміржол арқылы 131 млн тонна жүк тасымалданды Фото: rail-news.kz

2026 жылғы қаңтар – мамыр қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісінде жүк тасымалдау көлемі 131 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде республикаішілік тасымалдар 68 млн тоннаға жетті, экспорттық тасымалдар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% өсіп, 38,2 млн тонна болды. Есепті кезеңде ҚТЖ-ның бүкіл желісі бойынша 43,3 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар – мамыр көрсеткішінен 3% артық.

Жалпы көлемнің 29,8 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға бағытталса, бұл өткен жылғы деңгейден 2% артық. Экспортқа 13 млн тонна көмір жөнелтілді, өсім 7% құрады.

"Астық тасымалдауда оң қарқын байқалды. 2026 жылдың бес айында 6,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық. Астық экспорты 11% өсіп, 4,9 млн тоннаға жетті. Экспорттық қатынаста ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 18% ұлғайып, 1 млн тоннаны құрады. Осы жылдың қаңтар – мамыр айларында ҚТЖ желісі бойынша түсті кен тасымалы 8,6 млн тоннаны, құрылыс материалдары 7,1 млн тоннаны құрады", – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Жүктердің бірқатар негізгі номенклатуралары бойынша өсім тіркелді: 12,1 млн тонна мұнай жүктері (+4,3%), 6,8 млн тонна қара металдар (+11,4%), 9,5 млн тонна темір рудасы (+13,3%) тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу