Жыл басынан Ұлттық қор активтері 1,1%-ға артты

268

Бұған инвестициялық табыстың артуы ықпал еткен.

Жыл басынан Ұлттық қор активтері 1,1%-ға артты Фото: adyrna.kz

Жалпы, халықаралық резервтер қазан айының соңында 90,3 млрд доллар болды. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан 34,0 млрд долларға дейін 3,1%-ға төмендеді. Бұл Ұлттық Банктің валюталық шоттарындағы екінші деңгейлі банктер қаражатының азаюына байланысты. Оған Қаржы министрлігінің міндеттемелерін төлеу мақсатында алтын-валюта резервтерін конвертациялау да себеп болды", - деді ол.

Спикердің айтуынша, Ұлттық қордың активтері жыл басынан 56,3 млрд долларға дейін 1,1%-ға өсті.

"Оған инвестициялық табыстың артуы бірден-бір себеп болды. Ол жыл басынан 3,3% немесе 1,83 млрд доллар. Жыл басынан қорға түскен түсімдердің барлығы 3,6 трлн теңгені құрады", - деп атап өтті Данияр Вагапов.

Бұдан бөлек, ол Ұлттық қордан республикалық бюджетке 3,7 трлн теңге трансферттер бөлінгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу