Жыл басынан жалған нөмірлі 173 көлік анықталды

204

Ішкі істер министрлігінде алты айдың қорытындысы шығарылды. 

Жыл басынан жалған нөмірлі 173 көлік анықталды Фото: Azattyq Ruhy

Жыл басынан 9 мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл "Қорғау" бағдарламасының көмегімен 339 мыңнан астам көлік құралы тексеріліп, 20 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

9 мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. Жалған нөмірлі 173 көлік анықталды. Сонымен қатар полиция жүргізушілер тәртібін нығайту бойынша шаралар қабылдады", - деп хабарлады ІІМ.

Алты айда 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталып, жүргізу құқығынан айырылды.

"Жыл басынан бері дәл осы мас күйде көлік тізгіндеудің салдарынан 178 жол-көлік оқиғасы орын алып, 26 адам қаза тапты", - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу