Жыл басынан бері бюджетке шетелдіктерден 314 млн теңгеге жуық туристік жарна түсті

502

Туристік жарна түсімі бойынша көш басында Алматы қаласы тұр.

Жыл басынан бері бюджетке шетелдіктерден 314 млн теңгеге жуық туристік жарна түсті Фото: Inbusiness.kz

Оңтүстік мегаполиске жалпы соманың 86%-ы немесе 270,6 млн теңге тиесілі. Екінші орында 37,7 млн теңгеден артық туристік жарна жинаған Астана қаласы.

Туристік жарна төлеу әлемдік тәжірибе екенін ескерсек, шетелдіктер үшін бұл жаңалық емес. Туристік жарна - хостел, жалға берілетін баспаналардан бөлек орналасу орындарында болған әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.

Туристік жарна мөлшерін жергілікті әкімдіктер белгілейді. Қаражат та жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне түседі.

"Туристік жарнадан түскен қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды абаттандыруға, туристік мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталуы керек. Бұл өңірлерге келетін туристердің санын арттыруға ынталандыратын болады",-деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу