Кәсіби кәсіптік топтар, экономикалық қызмет түрлері және өңірлер бөлінісінде кадрларға қажеттілік және бос жұмыс орындарын анықтау үшін статистика комитеті "Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілігі және саны туралы есеп" статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқау жүргізеді.
Осы байқаудың нәтижелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізімдік саны - 2 380,6 мың адамды, бос жұмыс орындар саны 26456 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындарының үлесі 1,1% құрады.
Бос орындардың басым көпшілігі "Кәсіби мамандар" кәсіптік кәсіби тобы бойынша белгіленді – 6643 бірлік, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесі 25,1% құрады, "Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер" - 5 223 бірлікті, "Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары" кәсіптік топ бойынша бос орындар саны - 5115 бірлікті, "біліктілігі жоқ жұмысшылар" 2888 бірлікті құрады.