Жыл бойы жұмыс істейтін тау шаңғы курорты ашылады

1072

Жыл бойы жұмыс істейтін тау шаңғы курорты ашылады

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов Талғар ауданындағы "Лесная сказка" демалыс кешенін одан әрі дамытуға бағытталған "Апорт-Ақтас" тау шаңғы курортының жобасымен танысты. Жобаға бастамашы болған "Alina" компаниялар тобының президенті Ерлік Балфанбаев құрылыс жоспары мен нысан макетін көрсетті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ерлік Балфанбаевтың айтуынша, жоба аясында 12 аспалы жол, ұзындығы 31 шақырым болатын тау шаңғы трассасы, сол сияқты 700 төсек-орындық қонақ үй, мейрамханалар, кафе және басқа да нысандар салу көзделген. Келушілер саны жылына 724 мың адам, яғни күніне 12 мың адам болады деп күтілуде. 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, тартылатын инвестиция көлемі 31 млрд теңге болады деп межеленіп отыр. Кешеннің басты ерекшелігі – оның жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіндігінде.

"Тау шаңғы курортының жұмысы жыл маусымдарына тәуелді емес. Қысқы кезеңде тау шаңғысы, хоккей, конькимен сырғанау қызық болса, жазда велосипед теуіп, атқа мінуге болады. Яғни шаңғы жолдары жазда велосипед жолы ретінде пайдаланылады. Сөйтіп курорт туристердің жыл бойы демалуына қолайлы орын болмақ", - дейді Ерлік Балфанбаев.

Облыс әкімі инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері жағынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл, атап айтқанда автокөлік жолдарына, электрмен, сумен қамтуға және кәріз жүйелеріне қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу