Жыл бойында 14 жаңа әуе рейсі ашылады

668

Алматы-Париж рейсі биыл іске қосылады.

Жыл бойында 14 жаңа әуе рейсі ашылады

Былтыр елімізде 12 жаңа халықаралық әуе рейсі ашылған. Ал биыл олардың саны тағы 14 рейспен толығады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ведмоствоның алқа мәжлісінде осындай мәлімет айтты. 

"Еліміздің әуе кеңістігіне Qatar Airways, AirAsia, Israir Airlines, SalamAir, LOT  және басқа да ірі компаниялардың енуін күтіп отырмыз. Бұл компаниялар Алматыны Доха, Маскат, Куала-Лумпур сияқты қалалармен тікелей жалғайды. Сондай-ақ қазақстандықтар Алматыдан Мумбай мен Парижге де тікелей қатынайтын болады. Мұның бәрі 2019 жылдың  қарашасынан бері енгізілген үш жылдық "ашық аспан" режимінің асында іске асады", – деді Берік Камалиев.

Ол, сондай-ақ, "ашық аспан" режимінің үш жылдық мерзімі қатып қалған меже емес екенін де айтты. Қажеттілік болса, оның уақытын созуға толық мүмкіндік бар көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу