"Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдануда

352

Құжаттарды қабылдау 14 қазанға дейін жалғасады. 

"Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдануда Фото: Azattyq Ruhy

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығына конкурс өтетіні туралы жариялады.

Сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық еріктілер мен еріктілер топтарын, еріктілік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған.

Сыйлық 15 бағыт бойынша беріледі. Үміткерлер сыйлықақы алуға тек бір номинация бойынша қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: qazvolunteer@mail.kz (DOC, DOCX, PDF форматында) немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) Азаматтық қоғам істері комитеті мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, даңғылы Мәңгілік ел 10, Министрліктер үйі (14-ші кіреберіс).

Сұрақтармен мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: (8-7172) 74-10-74, 74-03-11, электрондық пошта: a.syzdykova@mki.gov.kz.

"Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығын беру ережелері туралы толығырақ www.adilet.kz сайтынан келесі сілтеме бойынша біле аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу