Биылғы жыл қорытындысы бойынша Олимпиадалық, олимпиадалық емес спорт түрлерінен дамыту дирекциялары спортшылары мен жаттықтырушылары, сол сияқты қала әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар басқармаға қарасты мекемелер арасында "Үздік мекеме", "Үздік басшы", "Үздік басшы орынбасары", "Үздік әдіскер", "Үздік есепші", "Үздік кадр маманы", "Үздік жаттықтырушы", "Үздік заңгер", "Үздік баспасөз хатшысы", "Жыл қызметкері", "Үздік спортшы", "Үздік дәрігер", "Үздік психолог" және "Үздік дизайнер" аталымдары бойынша 14 арнайы жүлде табысталды.
Ал жылдың "Үздік мекемесі" аталымын Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы жеңіп алды.
"Осы жылғы жыл қорытындысы бойынша Үздік басшының орынбасары" жүлдесі маған бұйырды. Мен өзім "Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясында" қызмет етемін. Өте қуаныштымын. Бұл тек менің жеңісім емес барлық ұжымның жеңісі деп есептеймін. Еңбегіміздің бағаланғанына алғысым шексіз", – деді "Үздік басшы орынбасары" Лола Тоқтамұратқызы.
Мерекелік іс-шара барысында жылдың үздіктеріне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.