Жыл ортасына дейін 12 нысан IPO-ға шығарылады

908

Жыл ортасына дейін 12 нысан IPO-ға шығарылады

2017 жылдың соңына дейін "Самұрық-Қазына" қоры 23 нысанды бәсекелестік ортаға бермек. Бұл туралы қордың төрағасы Өмірзақ Шүкеев бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Жоспар бойынша, алғашқы тізімдегі 45 нысанның 23-і сатылады",- деді Шүкеев.

Оның айтуынша, жыл ортасына дейін 12 нысан IPO-ға шығарылады. Оны сатып алуға әлемдік деңгейдегі ірі компаниялар қатыспақ. "Жыл соңына қарай Air Astana мен "Қазатомөнеркәсіп" жекешелендіріледі",-деді қор төрағасы.

Үкіметтің өткен отырысында Бақытжан Сағынтаев қаржы министрлігіне жекешелендіру шараларын жеделдетуді тапсырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу