Жыл сайын 100 мың қазақстандық зейнеткерлікке шығады

1223

Ал 200 мыңға жуық адам декреттік демалысқа шығады.  

Жыл сайын 100 мың қазақстандық зейнеткерлікке шығады

Еңбек министрлігі 2025 жылға дейінгі аралықтағы еңбек нарығына болжам жасады. 

2025 жылға қарай халық саны 19,8 млн-ға дейін жетіп, жұмыс күші 9,8 млн адам болады. 

"Еңбек нарығында жұмыс күшінің келуі мен кетуіне қатысты айтарлықтай өзгерістер болады. Біріншіден, 2025 жылға дейін 680 мыңнан астам адам зейнет жасына жетуіне байланысты жұмыстан кетеді деп болжанып отыр. Жыл сайын орташа есеппен 200 мыңға жуық адам декреттік демалысқа, 100 мыңға жуық адам зейнеткерлікке шығады", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, Ең бірінші орта біліктілігі бар кадр тапшылығынан 2025 жылға қарай құрылымдық теңгерімсіздіктер орын алуы мүмкін. Біліктілігі төмен еңбекке деген сұраныс азаяды, ал жұмыс күшіне деген талап күшейеді.

Бағалау көрсетіп отырғандай, кадрларға деген қосымша қажеттілік 573 мыңнан асады, орта- және жоғары біліктілікті жұмыс күшінің саны артуы мүмкін.

Салалар бойынша жалдамалы жұмыскерлерге деген сұраныс сауда және білім беру салаларында ғана болады. Ал электр- және энергиямен жабдықтау салаларында шамалы қысқару күтіледі.

Өңірлер бойынша алып қарайтын болсақ, жалдамалы жұмыскерлерге деген сұраныс негізінен Түркістан облысы мен Шымкент, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болады.

Еңбек нарығының кадрларға деген қажеттілігін болжау үшін 2019 жылдың соңына дейін еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі құрылады.

Оның басты міндеті – еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген ұсынысты болжау және экономикаға қажет кадрлардың сұранысын қалыптастыру.

Айгүл Төлекбаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу