Жыл сайын 143 мың адам қорғасыннан уланып көз жұмады

1197

Жыл сайын 143 мың адам қорғасыннан уланып көз жұмады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен  Біріккен ұлттар ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы 23-29 қазан аралығында қорғасынмен улануға қарсы халықаралық апталық өткізіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай шараны өткізуге медициналық зерттеулердің жағымсыз қорытындылары себеп. Белгілі болғандай, жыл сайын қорғасынның әсерінен әлемде 143 мың адам көз жұмады.

Жалпы жыл сайын қорғасынмен уланудың салдарынан 600 мыңдай сәби ақыл-ой кемістігімен туады. Осы күнге дейін жоғары мөлшерде қорғасын қосылған бояулар, ойыншықтар, зергерлік бұйымдар мен косметика дүкендерде еркін сатылып келеді.

БҰҰ қатты алаңдаушылық білдіріп, елдерді осы проблемаға зер салуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу